Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодарда өрт болған үйден ес-түссіз жатқан адам табылды

Опубликовано:

ес-түссіз жатқан адам
Көрнекі фото: Константин Шелков

Павлодарда өрт болған үйден ес-түссіз жатқан адам табылды. Оқиға орнында жеке құрамнан 42 адам және 8 техника, АМО, "103", "102" қызметтері жұмыс істеді, деп хабарлайды  Pavlodarnews.kz.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 19 наурызда "101" пультіне Гагарин көшесі, 63/1 мекенжайында орналасқан бес қабатты тұрғын үйдегі өрт туралы хабарлама түскен.

Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер екінші қабаттағы бір бөлмелі пәтердің залында үй заттарының, жиһаздың жанып жатқанын анықтаған.

"№ 3 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушілері аға лейтенант Ерғали Кәрімжанов, сержант Дамир Қабылбек, кіші сержант Әсет Әубәкіров, кіші сержант Олег Лопатенко 1985 жылы туған пәтер иесін құтқарды. Ол пәтердің кіреберісінен табылды. Өрт сөндірушілер ес-түссіз жатқан адамды есік арқылы шығарып, далада жасанды тыныс алдырды. Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері Серік Түсіпов пен фельдшер Махаббат Сваричевская зардап шегушінің жүрегіне массаж жасады. Зардап шеккен адам тыныс ала бастап, жүрек соғысы қалпына келді", - дейді департаменттегілер.

Зардап шеккен қала тұрғыны "жанатын өнімдермен жедел ингаляциялық улану" диагнозымен № 1 қалалық аурухананың реанимация бөліміне жатқызылған.  

Өрт сөндіру қызметінің жедел-құтқару жасағының құтқарушылары екінші қабаттан альпинистік құралдардың көмегімен үш иінді баспалдақпен екінші қабаттың балконы арқылы 4 адамды, оның ішінде 2 баланы құтқарды.

№ 4 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушілері әйел адамды екінші қабаттан далаға көтеріп алып шыққаны белгілі болды. Сондай-ақ, олар 11 адамды, оның ішінде 2 баланы эвакуациялаған. 

Өрт сағат 00-27-де сөндірілді. Алдын ала болжам бойынша, өрттің шығуына электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болған.

Тілсіз жаудың салдарынан келтірілген шығын көлемі анықталуда. 

Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарды қарапайым өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1961648-pavlodarda-ort-bolgan-uiden-es-tussiz-zatqan-adam-tabyldy/

pixel