Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қытаймен шекарадағы теміржол станциясында майнинг жабдықтары табылды

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: pexels.com

Көліктегі полиция департаменті Алматы облысындағы Құндызды теміржол станциясында Қытаймен шекаралас жерде жабдықталған заңсыз майнинг фермасын тапты деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Бұл туралы ІІМ көліктегі полиция департаментінің баспасөз хатшысы Ләззат Қасымжанова хабарлады.

Полиция тінту жүргізу кезінде майнинг жабдықтары бар 130 қорапты, сондай-ақ қатқыл дискілер мен жабдыққа арналған қосалқы бөлшектерді тапқан.

Сотқа дейінгі тергеу басталып, қажетті жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін шекарашылар Алматы қаласының халықаралық әуежайында елден 400 мың АҚШ долларынан астам қаражатты әкетпек болған жолаушының жолын кескені туралы хабарлаған болатынбыз.

Қомақты ақшаның бір бөлігі тексеріс кезінде қос түбі бар сөмкеде жасырылғаны анықталған.

Жалпы 2022 жылдың 25 қаңтарынан бастап қазіргі уақытқа дейін ҰҚК-нің Шекара қызметі декларацияланбаған сомасы 900 миллион теңгеден асатын қолма-қол ақшаны елден әкетудің алдын алған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1961649-qytaimen-sekaradagy-temirzol-stanciyasynda-maining-zabdyqtary-tabyldy/

pixel