Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Петропавлда жылу-электр орталығының мұржасы құлады

Опубликовано:

ЖЭО апаты
Фото: Instagram/dtp_sko

Петропавлда жылу-электр орталығының бір мұржасы жартылай құлады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"СевКазЭнерго" АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, Петропавлдағы № 2 жылу-электр орталығының бір мұржасы құлаған. Оқиға орнында арнайы қызметтер, соның ішінде төтенше жағдайлар департаментінің мамандары жұмыс істеген.

Жедел жәрдем қызметі де апат орнына бірден аттанған. СҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, жедел жәрдем қызметіне хабар сағат 19.20-да түскен.

Петропавловск.news басылымының мәліметінше, ЖЭО-2 алғашқы түтін құбыры 1961 жылы пайдалануға берілген. Оның биіктігі 150 метр, салмағы бірнеше мың тонна. Құбыр 2016 жылы жөнделген. Әлеуметтік желілерде оқиға орнынан түсірілген алғашқы фотосуреттер пайда болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1961682-petropavlda-zylu-elektr-ortalygynyn-murzasy-qulady/

pixel