Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Петропавл ЖЭО-дағы апатқа байланысты қылмыстық іс қозғалды

Опубликовано:

қылмыстық іс
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Петропавлдағы жылу-электр орталығындағы апатқа байланыста қылмыстық іс қозғалды. Жұмысшылардың біреуі табылмай жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасы баспасөз қызметінің мәліметінше, ЖЭО-дағы түтін мұржасының жартылай құлауына байланысты облыс әкімі жедел штаб құрды.

Ол жерде Петропавл тұрғындарын тиісті жылумен қамтуға қатысты барлық іс-шаралар қолға алынып жатыр. Оқиға орнында барлық арнайы қызметтер жұмыс істеуде. Қазіргі уақытта бір жұмысшы – машинист-қараушы табылмай жатыр.

Құтқарушылар құтқару-іздестіру шараларын қолға алған. Сондай-ақ облыс прокурорының нұсқауымен арнайы құрылған жедел-тергеу тобы аттанды.

Осы оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалып, алғашқы тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

Түтін мұржасының құлау себебін анықтау үшін мамандар жұмылдырылып, тиісті сараптамалар жүргізіледі. Жағдайды СҚО әкімі мен облыс прокуроры бақылауға алды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1961699-petropavl-zeo-dagy-apatqa-bailanysty-qylmystyq-is-qozgaldy/

pixel