Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев қаңтар оқиғасы кезінде залал келген сауда орталығына барды

Опубликовано:

Тоқаев
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев қаңтар оқиғасы кезінде бұзақылардың шабуылына ұшыраған Алматыдағы "Asia Park" сауда ойын-сауық орталығына барды, деп хабарлайды Ақорда.

Президентке зардап шеккен кәсіпкерлер тарапынан түскен өтініштердің бәрі қарастырылып жатқаны туралы мәлімет берілді. Жергілікті әкімдіктің ақпаратына сәйкес, қазір барлығы 1 236 өтініш қолдау тапқан. Жалпы 6,191 млрд теңге көмекке бөлінді. Сонымен қатар жуық арада шығын көлемі шамамен 20 миллиард теңге болатын тағы 170-ке жуық өтініш қаралатыны айтылды.

Бұдан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев зардап шеккен орта және шағын бизнес өкілдерімен кездесті. Мемлекет тарапынан шығыны өтелген жеке кәсіпкерлер қолдау көрсеткені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты.

Президент шағын және орта бизнеске қолдау жалғасатынын, зардап шеккендердің шығыны өтелетінін жеткізді.

Мемлекет басшысы кәсіпкерлермен кездесуден кейін нысандағы қалпына келтірілген сауда нүктелерін аралады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1961714-toqaev-qantar-oqigasynan-zardap-sekken-sauda-ortalygyna-bardy/

pixel