Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Теміртауда мерекелік турнир жаппай төбелеспен аяқталды

Опубликовано:

Жұдырық
Көрнекі сурет: pixabay.com

Теміртау қаласында футзалдан "Наурыз мейрамы 2022" турнирінде жаппай төбелес болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Турнир 21 наурызда Теміртау қаласының дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде өткен. "Имсталькон" және "Ақ жол" командалары арасындағы ойын жаппай төбелеспен аяқталды. Ойыншыларға жанкүйерлер де қосылып кетті.

Қарағанды облыстық полиция департаменті тексерісті бастады. Қазіргі кезде төбелеске қатысушыларды анықтау шаралары қолға алынды.

"Әлеуметтік желілерге мониторинг жасау барысында телеграм каналда Теміртау қаласында футзалдан өткен турнир барысында төбелес болған видео анықталды. Аталған факт полицияда тіркелді. Қазіргі уақытта оқиғаға қатысушыларды анықтау бойынша кешенді іс-шаралар жүргізілуде", - дейді баспасөз қызметінің басшысы Бақытжан Құдияров.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1961783-temirtauda-merekelik-turnir-zappai-tobelespen-ayaqtaldy/

pixel