Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағанды облысында жол апатынан екі адам қаза тапты

Опубликовано:

Жол апаты
Көрнекі фото: nakanune.ru

Қарағанды облысында жол талғамайтын көліктің жол жиегіне аударылуы салдарынан екі адам қаза тапты. Тағы екі адам әртүрлі жарақат алған, деп хабарлайы KAZ.NUR.KZ тілшісі өңірлік ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Қуаныш Зәрубаевқа сілтеме жасап.

Жол-көлік оқиғасы Қызылорда-Павлодар тас жолында, Жаңаарқа ауылының маңында болған. Toyota Land Cruiser көлігінің рөлінде 39 жастағы ер адам отырған.

Алдын ала деректер бойынша, көліктің аударылуына дөңгелектеріндегі ақау себеп болған.

"Артқы дөңгелекте саңылау пайда болуы нәтижесінде жүргізуші рөлді басқара алмай қалып, жол жиегіне аударылып кеткен.

26 жастағы жолаушы оқиға орнында көз жұмды, ал екінші 1987 жылы туған жолаушы есін жимастан ауруханада қайтыс болды. Тағы екі жолаушы ауыр жарақаттармен Атасу ауылындағы аудандық ауруханаға жеткізілді", - деді Қарағанды облысы ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Қуаныш Зәрубаев.

Айта кетейік, бірнеше күннен бері Қарағанды облысында ауа райы қолайсыз болып тұр. Ауа райыының нашарлауы нәтижесінде Қарағандыда 17 жол апаты тіркеліп, 11 адам зардап шеккен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1961800-qaragandy-oblysynda-zol-apatynan-eki-adam-qaza-tapty/

pixel