Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Каспий құбыр желісіндегі апат: Қазақстан мұнай экспортының басқа бағытын қарастырып жатыр

Опубликовано:

Мұнай
Көрнекі сурет: Pixabay

Қазақстанның энергетика министрлігі Каспий құбыр желісі консорциумы теңіз терминалындағы апаттан кейін мұнай экспорттаудың балама бағыттарын қарастырып жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Қазір энергетика министрлігі консорциуммен теңіз терминалының жұмысын қалпына келтіру мерзімі бойынша келіссөз жүргізіп жатыр.

"Қазіргі уақытта энергетика министрлігі теңіз терминалының жұмысын қалпына келтіру мерзімі бойынша Каспий құбыр желісі консорциумымен кеңес жүргізіп жатыр. Сонымен қатар экспортталатын мұнайды балама бағдар арқылы жөнелтуді ұлғайту мәселесі де пысықталуда", - деді ведомствоның баспасөз қызметінен.

Еске сала кетейік, Каспий құбыр желісі консорциумы Новороссийсктегі теңіз терминалында екі айлақ қондырғысының жұмысын тоқтатты.

Осыған байланысты Каспий құбыр желісі консорциумы тасымалданатын мұнай көлемін үш есе қысқартуы мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1961821-kaspii-qubyr-zelisindegi-apat-qazaqstan-munai-eksportynyn-basqa-bagytyn-qarastyryp-zatyr/

pixel