Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еліміздің бірқатар өңірінде республикалық маңызы бар тасжолдар уақытша жабылды

Опубликовано:

Фото
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі

Ауа райының бұзылуына байланысты еліміздегі бірқатар тасжолда қозғалысқа уақытша шектеу енгізілді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Telegram-каналына сілтеме жасап.

Қозғалысқа уақытша шектеу енгізілген республикалық маңызы бар тасжолдар:

Ақмола облысы бойынша

  • "Жезқазған-Петропавл" тасжолының 377-440 шақырымы, Қостанай облысының шекарасы мен Державинск қаласының аралығы.

Павлодар облысы бойынша

  • "Нұр-Сұлтан-Ерейментау-Шідерті" тасжолының 200-254 шақырымы, Шідерті қаласы мен Ақмола облысының шекарасы аралығы.
  • "Нұр-Сұлтан-Ерейментау-Шідерты" тасжолының 16-200 шақырымы, Нұр-Сұлтан қаласы мен Павлодар облысының аралығы.

Шығыс Қазақстан облысы бойынша

  • "Қарағанды-Аягөз-Бұғаз" тасжолының 707-941 шақырымы, Аягөз қаласы мен Бұғаз ауылының аралығы.

Қарағанды облысы бойынша

  • "Жезқазған-Петропавл" тасжолының 142-252 шақырымы, Сарлық ауылы мен Қостанай облысы шекарасының аралығы.

Қостанай облысы бойынша

  • "Жезқазған-Петропавл" тасжолының 252-340 шақырымы, Қарағанды облысы шекарасы мен Арқалық қаласының аралығы.
  • "Жезқазған-Петропавл" тасжолының 340-377 шақырымы, Арқалық қаласы мен Ақмола облысының аралығы.

Сонымен қатар, министрлік қазіргі таңда қауіпсіз және үздіксіз жол қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында тәулік бойы жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті. Ол үшін Қазақавтожол серіктестігінің 1090 арнайы қысқы техникасы мен 3500-ден астам қызметкерлері жұмылдырылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1961902-elimizdin-birqatar-onirinde-respublikalyq-manyzy-bar-tas-zoldar-uaqytsa-zabyldy/

pixel