Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сарыағаш тұрғыны қызының оқуына төлейтін қомақты қаражатты таксиде қалдырып кеткен

Опубликовано:

Полиция қызметкерлері
Фото: Polisia.kz

Шымкент қаласында таксист көлігінде қалып кеткен сөмкені иесіне қайтарып берді, деп хабарлайды Polisia.kz.

Басылым дерегінше, Абай аудандық полиция басқармасына қала қонағы хабарласып, көмек сұраған. Ол ірі көлемдегі ақша салынған сөмкесін таксиде қалдырғанын жеткізген. Әйелдің сөзінше, ол Шымкентке Сарыағаштан қалааралық таксимен келген.

Әйелдің қомақты қаржыны қызының оқуын төлеу үшін алып келгені белгілі болды. Ол сөмкесін салонда ұмытып кеткенін көліктен түскеннен кейін бір-ақ білген.

Хабар алысымен полиция қызметкерлері іздеу жұмыстарын бастап кеткен. Нәтижесінде тәртіп сақшылары бейнебақылау камераларының көмегімен такси жүргізушісін тауып, оған болған жағдайды баяндаған.

Аталған жайттан хабардар болған таксист жарты сағаттың ішінде ақша салынған сөмкені иесіне қайтарған.

"Сөмкемді тауып беріп, оның қайтаруға атсалысқаны үшін Абай ауданының полиция басқармасының қызметкерлеріне алғысымды білдіремін. Көп рахмет", - деді әйел.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Алматыда такси жүргізушісі жолаушыларға 1,5 млн теңге мен алтындарын қайтарып бергенін жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1961927-saryagas-turgyny-qyzynyn-oquyn-toleu-usin-alyp-kelgen-aqsasyn-takside-qaldyryp-ketken/

pixel