Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БҒМ Алматы әкімдігіне білім беру саласында қосымша өкілеттіктер береді

Опубликовано:

Оқу ордасы
Көрнекі фото: pxhere.com

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Алматы қаласының әкімдігіне білім беру саласында қосымша өкілеттіктер беретінін мәлімдеді. Бұл туралы министрлік басшысы өз ресми Facebook парақшасында жазды.

Аймағамбетов жуырда мемлекет басшысы Алматы қаласының маңызды нысанының бірі – оқушылар сарайында болып, балалармен әңгімелесіп, онда жасалған жағдаймен және сарайдағы жаңғырту жұмыстарының нәтижелерімен танысқанын еске салды.

Оған қоса, БҒМ басшысы Алматыда қосымша білім беруді дамыту жұмыстары жақсы жолға қойылғанын атап өтті.

"Жалпы, қазіргі таңда Алматы қаласы әкімдігінде басқа өңірлермен салыстырғанда білім саласын дамытуда барынша біртұтас және дәйекті саясат жүргізіліп жатқанын мойындау керек.

Сол себепті қала басшылығының саланы дамыту ұстанымын, мегаполистің қолда бар қаржылық мүмкіндіктері мен кадрлық әлеуетін ескере отырып, министрлік Алматы қаласының әкімдігіне білім беру саласында қосымша өкілеттіктер беру туралы шешім қабылдады.

Министрліктің нормативтік актілерде арнайы шарттар мен құзыреттерді қарастырамыз. Сонымен қатар қаланың білім беру ұйымдары біздің негізгі инновациялық алаңдарымызға айналады. Өз тарапынан әкімдік басшылығы барлық жаңа бастаманы қаржылай және ұйымдастырушылық жағынан қолдауға міндеттеме алады.", - деп жазды министр.

Министрлік барлық жарияланған міндеттеменің орындалуын бақылауда ұстайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1961971-bgm-almaty-akimdigine-bilim-beru-salasynda-qosymsa-okilettikter-beredi/

pixel