Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда мас күйде көлік ұрлаған жігіт адам өліміне әкелген жол апатын жасады (видео)

Опубликовано:

Алматыдағы жол апаты
Видеодан кадр: Polisia.kz

Алматылық жігіт мас күйде көлік ұрлап, адам өліміне әкелген жол апатын жасады. Полиция жантүршігерлік жол-көлік оқиғасының мән-жайын бөлісіп, видео жариялады, деп хабарлайды ІІМ ресми сайты Polisia.kz.

Оқиға көшедегі бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Хмельницкий мен Гете көшелерінің қиылысында Toyota Land Cruiser Prado мен Jeep Grand Cherokee соқтығысқан.

Анықталғандай, Toyota көлігі ұрланған болып шықты.

"102" пультіне Toyota Land Cruiser Prado көлігінің ұрланғаны туралы ақпарат келіп түсті. Көліктің иесі көліктің Сейфуллин даңғылының бойында тұрғанын хабарлады. Жедел-іздестіру шаралары барысында күдіктінің жеке басы анықталды. Ол 20 жастағы А.есімді шаһар тұрғыны болып шықты. Камералардан ұрланған көліктің үлкен жылдамдықпен қозғалғаны анық көрінеді.

Апат салдарынан Grand Cherokee көлігінің 19 жастағы жолаушысы ауруханада көз жұмды, ал жүргізуші әлі ауыр халде жансақтау бөлімінде жатыр. Toyotа жүргізушісі жол апатынан кейін оқиға орнынан қашып кетті. Анықталғандай, ол мас болған”, – деді Алматы қалалық ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.

Қазіргі уақытта ұсталған азаматқа қатысты қылмыстық әрекетті құжаттандыру шаралары жүргізілуде. Қылмыстық іс Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігі, 347-бабы және 200-бабы 3-бөлігі бойынша тергелуде.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Айта кетерлігі, ұсталған азамат бұрын екі рет сотты болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1961987-almatyda-mas-kuide-kolik-urlagan-zigit-adam-olimine-akelgen-zol-apatyn-zasady-video/

pixel