Алматы облысында ғашығын құрбысынан қызғанған әйел оны өлтіріп тастады
Опубликовано:

Алматы облысында әйел ғашығын өз құрбысынан қызғанып, оны бауыздап өлтірді. Оқиға орнынан қашып кеткен күдікті ұсталып, қамауға алынды, деп жазады KAZ.NUR.KZ өңірлік полиция департаментіне сілтеме жасап.
Оқиға Еңбекшіқазақ ауданында орын алған. 21 наурыз күні Есік маңындағы саяжай алаптарындағы жер үйлердің бірінен 55 жастағы ер адамның денесі табылды. Полицейлер оқиға орнынан белгісіз біреудің қылмыс құралы ретінде қолданған пышағын тауып алды.

Тәртіп сақшылары сол кеште азаматтың үйінде екі әйелдің болғанын анықтады. Олардың біреуі көршілес Талғар ауданының аумағынан ұсталды.
"Үй иесі бірнеше мәрте сотты болған. Үйінде өзі жалғыз тұрған. Оған пышақ жарақатын 51 жастағы әйел жасаған. Ол ер адамның үйіне құрбысымен бірге келген. Отырыс барысында келіншек азаматтың құрбысымен көзіне шөп салып жүргенін біліп, пышақты ала жөнеледі. Әйел адам оқиға орнынан жасырынғанымен, кейіннен ұсталып, қамауға алынды.
Отырысқа қатысқан екінші келіншек күдіктінің сөздерін растады", - деп хабарлады Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Оқиғаға қатысты Қылмыстық кодекстің 99- бабы (Адам өлімі) бойынша тергеу жүргізілуде. Тәркіленген пышақ заттай дәлелдеме ретінде қылмыстық іст материалдарына қосылды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1961989-almaty-oblysynda-gasygyn-qurbysynan-qyzgangan-aiel-ony-oltirip-tastady/