Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында жол ережесін өрескел бұзған жүргізушіге хаттама толтырылды (видео)

Опубликовано:

Жол ережесін бұзған көлік
Видеодан кадр: Polisia.kz

Түркістанда жол ережесін өрескел бұзған жүргізушіге әкімшілік хаттама толтырылды, деп хабарлайды ІІМ ресми сайты Polisia.kz.

Түркістан облысының полицейлері түрлі құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау мақсатында тұрақты түрде патрульдеу жұмыстарын атқарып келеді. Оған қоса, әлеуметтік желілерге де үнемі мониторинг жүргізеді.

Осындай кезекті тексеру кезінде Жетісай ауданының полицейлері қала көшелерінің бірінде өзге көліктерден басып озып жүріп бара жатқан бірнеше көліктерді байқайды. Бірден әрекет еткен полицейлер көліктердің соңына түседі. Нәтижесінде полиция қызметкерлері жол ережесін өрескел бұзып, басып озған Audi көлігінің жүргізушісін анықтап, ұсталды. Ол жергілікті тұрғын болып шықты.

Полицейлер құқық бұзушы жас жүргізушіге ӘҚБтК-нің 596-бабы 5-бөлігі бойынша (Көлік құралын жолдың жүру бөлігінде орналастыру, қарсы жүріп өту немесе басып озу қағидаларын бұзу) әкімшілік хаттама толтырды. Ал автокөлігі айыптұраққа қойылды.

Өз кезегінде полиция қызметкерлері аталған жол ережесін бұзып, жылдамдықты арттырып, басып озған бейнежазбадағы өзге де көліктерді анықтау үстінде.

Көліктер Алматы қаласына тіркелген.

Ескерту! Видеода бейәдеп сөздер кездеседі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1962001-turkistan-oblysynda-zol-erezesin-oreskel-buzgan-zurgizusige-xattama-toltyryldy-video/

pixel