Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағанды облысында баланың желкесінен ұрған тәрбиеші видеоға түсіп қалды

Опубликовано:

Балабақша
Видеодан кадр: instagram.com/skandal_krg

Әлеуметтік желіде балабақшада түсірілген бейнежазба жарияланғаннан кейін Қарағанды облысының полициясы тексеріс бастады. Кадрларда тәрбиешінің балалардың желкесінен ұрып жатқаны көрсетілген, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бейнежазба Instagram желісіндегі skandal_krg парақшасында жарияланған.

Кадрлардың Қарағанды облысы Абай қаласының балабақшасындағы бөбектер тобында түсірілгені көрсетілген. Жазбаны осы топқа баратын баланың анасы жіберген.

"Бүгін бейнебақылау камерасындағы видеоларды көріп, болған жайттан есеңгіреп қалдық", - делінген жазбада.

Бейнежазбаға қатысты Қарағанды облысының полиция департаменті пікір білдірді.

"Факті бойынша қазіргі уақытта зардап шеккендер мен оқиғаның мән-жайын анықтау бойынша іс-шаралар жүргізілуде", - деп хабарлады ведомстводан.

Оқиғаға қатысты Абай аудандық білім бөлімі де пікір білдірді.

"Бұл оқиға орын алған балабақша жекеменшік мектепке дейінгі мекеме және Абай аудандық білім бөлімінің қарамағында емес. Жеке балабақша 2021 жылғы ақпан айында 550 орынға ашылған. Аталған факті бойынша комиссия құрылды, нәтижесі бойынша тиісті шаралар қабылданатын болады", - деді ведомстводан.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Павлодар тұрғыны балабақша қызметкерлерінің үстінен шағымданғаны туралы хабарлаған едік.

Келіншектің мәлімдеуінше, тәрбиешілер тамақтануға кетпес бұрын 1 жас 10 айлық қызды толық шешіндіріп, суық бөлмеде қалдырған.

Кейінірек, баланы салқын бөлмеде қалдырған күтушінің жұмыстан шығарылғаны белгілі болды.

Ал тәрбиеші жүкті болғандықтан оны жұмыстан шығару мүмкін болмай, оған ескерту берілген. Алайда ол өз еркімен арыз жазып, жұмыстан шыққан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1962029-qaragandy-oblysynda-balanyn-zelkesinen-urgan-tarbiesi-videoga-tusip-qaldy/

pixel