Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда тәртіпсіздіктер кезінде ыдыс-аяқ ұрлады деген күдікпен ер адам ұсталды

Опубликовано:

Ыдыстар
Фото: polisia.kz

Алматыда жаппай тәртіпсіздік кезінде ыдыс-аяқтар дүкенін тонады деген күдікпен ер адам ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Басылымның хабарлауынша, күдіктіні ұстау кезінде полиция қызметкерлері табалар, шәйнектер, пісірме табақтар, пышақтар және басқа да ас үй ыдыстарын тәркілеген.

"Жаппай тәртіпсіздік кезінде төтенше жағдайды пайдалана отырып, А. есімді азамат сауда орталықтарының бірінде орналасқан ыдыс-аяқтар бутигіне заңсыз кіріп, жалпы құны бес миллион теңгеге жуық ас үй ыдыстарын алып кеткен.

32 жастағы ұсталған азамат қылмысын мойындады. Оның беті бірден бірнеше бейнебақылау камерасына, соның ішінде тонау куәгерлерінің смартфондарына түсіп қалған", - деді Бостандық аудандық полиция басқармасы жанындағы полиция бөлімінің бастығы Ғалым Қасымбаев.

Оның сөзінше, аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 188-бабы 3-бөлігінің 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған.

Күдікті ұрланған заттарды сата алмаған. Жедел уәкілдер ұрланған ас үй ыдыстарын тәркілеп, айғақ ретінде қылмыстық іс материалдарына тіркеген.

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты "қамау" түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялаған.

Еске сала кетсек, алматылық полицейлер балалар мен әйелдерді тонады деген күдікпен ер адамды ұстағанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1962032-almatyda-tartipsizdikter-kezinde-ydys-ayaq-urlady-degen-kudikpen-er-adam-ustaldy/

pixel