Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағандыда ломбард қызметкері 2 млн теңге ұрлады деген күдікке ілінді

Опубликовано:

Әшекей
Көрнекі фото: pixabay.com

Қарағанды қаласында ломбардтан 2 млн теңгенің бағалы затын ұрлаған қызметкер ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Басылымның мәліметінше, биыл 11 ақпанда Қарағанды қаласы ПБ Октябрь аудандық полиция бөліміне бағалы заттардың жоғалғанын айтып, жергілікті ломбардтардың бірінің басшысы жүгінген.

Ломбард ұсынған деректерге сәйкес, кезекті ревизия кезінде алтын бұйымдар мен ақшаның ұрланғаны анықталған.

Жалпы келтірілген шығын 2 млн теңгені құраған. Ақпаратты алған полиция қызметкерлері тергеу бастаған.

16 наурызда жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция ызметкерлері күдікті ретінде 26 жастағы әйелді ұстаған. Ол алтын ұрланған ломбардта сарапшы-бағалаушы болып жұмыс істген.

Тәртіп сақшылары іс бойынша заттай айғақтарды тауып, тәркілеген. Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Еске сала кетсек, бұған дейін Алматыда тәртіпсіздіктер кезінде ыдыс-аяқ ұрлады деген күдікпен ер адам ұсталған еді.

Күдіктіні ұстау кезінде полиция қызметкерлері табалар, шәйнектер, пісірме табақтар, пышақтар және басқа да ас үй ыдыстарын тәркілеген.

Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 188-бабы 3-бөлігінің 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1962034-qaragandyda-lombard-qyzmetkeri-2-mln-tenge-urlady-degen-kudikke-ilindi/

pixel