Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы тауларында шетелдіктер адасып кетті: Құтқарушылар хабарламаны АҚШ-тан алған

Опубликовано:

Құтқарушылар мен туристер
Құтқарушылар мен туристер. Фото: instagram.com/roso_kazakhstan

Алматы облысының тауларында адасып қалған туристерді құтқаруға қатысты жаңа мәліметтер пайда болды. Анықталғандай, қауіп туралы сигнал Қазақтанға АҚШ-тан түскен екен. Бұл туралы өңірлік ТЖД Instagram парақшасында хабарлады.

Айта кетейік, бұған дейін Еңбекшіқазақ ауданы Бартоғай су қоймасындағы Асы асуы маңында шетелдік туристер - Бельгия мен Франция азаматы адасып кеткені туралы хабарланған еді.

1987 жылы туған ер адамның Қазақстанның көрікті жерлеріне бару үшін жалға алған көлігі бұзылып қалған. Олар көлікті өз бетінше жөндей алмаған. Осылайша, шетелдіктер спутниктік телефондағы "SOS" батырмасын басып, спутниктік байланыс арқылы көмек сұраған.

Батырманы басқан соң АҚШ-та байланыс қызметтерін ұсынатын компания координаттары бар хабарламаны алған. Америкалық мамандар қауіп туралы ақпаратты Қазақстан елшілігі арқылы Алматы полиция департаментіне жолдаған.

Ал полиция қызметкерлері хабарламаны Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаментіне жіберген.

Нәтижесінде түнгі сағат 01:30-да ТЖД 6 қызметкері мен 2 техникасының, Алматы республикалық жедел-құтқару жасағының 9 қызметкері, 2 техникасы мен 1 кинологиялық есебінің, Шелек ауылының жергілікті полиция қызметінің 5 қызметкері мен 2 техникасының көмегімен туристер табылып, Алматыға жіберілген.

Шетелдіктерге медициналық көмек қажет болмаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1962039-almaty-taularynda-seteldikter-adasyp-ketti-qutqarusylar-xabarlamany-aqs-tan-algan/