Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағанды облысында балалардың желкесінен ұрған тәрбиеші жұмыстан босатылды

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pixabay.com

Қарағанды облысы Абай қаласында балаларға қол көтерген жекеменшік балабақшаның тәрбиешісі жұмыстан босатылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі өңірлік білім басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Жекеменшік балабақшада болған оқиға Қарағанды облысы білім басқармасы басшылығының жеке бақылауында. Кінәлі адамдар жауапкершілікке тартылатын болады. Бейнежазбаға түскен тәрбиеші жұмыстан шығарылды", - деп хабарлады облыстық білім басқармасының баспасөз қызметінен.

Ал әдіскер мен мектепке дейінгі мекеменің директорына қандай шара қолданылатыны әзірге белгісіз.

Одан бөлек, педагогтің балаларға қол көтерген видеосы құқық қорғау органдарының да назарына іліккені хабарланды.

Еске сала кетсек, бұған дейін әлеуметтік желіде балалардың желкесінен ұрған тәрбиешінің видеосы жарияланғанын жазған едік.

Айта кетсек, Павлодар тұрғыны да балабақша қызметкерлерінің үстінен шағымданған болатын.

Келіншектің мәлімдеуінше, тәрбиешілер тамақтануға кетпес бұрын 1 жас 10 айлық қызды толық шешіндіріп, суық бөлмеде қалдырған.

Кейінірек, баланы салқын бөлмеде қалдырған күтушінің жұмыстан шығарылғаны белгілі болды. Ал тәрбиеші жүкті болғандықтан оны жұмыстан шығару мүмкін болмай, оған ескерту берілген. Алайда ол өз еркімен арыз жазып, жұмыстан шыққан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1962075-qaragandy-oblysynda-balalardyn-zelkesinen-urgan-tarbiesi-zumystan-sygaryldy/

pixel