Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында ер адам өлген итті көлігіне байлап сүйреген

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: pexels.com

Алматы облысында полицейлер иттің өлексесін көлігіне байлап сүйреген 56 жастағы ауыл тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Жануарға қатігездік танытқан сәт түсіп қалған видео әлеуметтік желіде тарады. Бейнежазба авторы оқиға Алматы маңындағы Шамалған кентінде болғанын айтқан.

Алматы облысының полициясы бұл фактіні тексеруге кірісті. Құқық қорғау ведомствосы видео 24 наурызда Шамалғанда түсірілгенін растады.

"Toyota 4Runner" көлігінің жүргізушісі 56 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Тәртіп сақшылары оны ұстап, Қарасай аудандық полициясына жеткізді.

"Ер адам иттің өлексесі жолда жатқанын және көліктердің қозғалысына кедергі келтіргенін айтты. Сол себепті ол өлген итті елді мекен шетіне, адам жүрмейтін жерге сүйреп апарып тастамақ болған. Қазір ұсталған адамның жауабы тексеріліп жатыр", - деп мәлімдеді Алматы облысы ПД баспасөз қызметі.

Ер адамға қатысты соңғы процессуалды шешім тексеріс нәтижесі бойынша қабылданады.

Еске сала кетсек, бұған дейін Алматы облысында жүргізушілер көлікке байланған итті құтқарып алғанын жазған едік.

Жүргізушінің ерсі әрекетін көргендер дереу әрекет етіп, полицияға арыз жазған.

Ал тірі қалған төбетке ветеринариялық емханада жарақатын таңып берген екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1962085-almaty-oblysynda-er-adam-olgen-itti-koligine-bailap-suiregen/

pixel