Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылорда облысында қаржы ұрлады деген күдікпен үш азамат ұсталды (видео)

Опубликовано:

Қызылордада ұрлық жасады деген үш күдікті ұсталды
скриншот: www.youtube.com

Қызылорда облысындағы ЖШС біріндегі сейфтен 4 миллион теңгеге жуық ақша ұрлады деген үш күдікті ұсталды. Қылмыс Арал ауданы Сексеуіл ауылында жасалған болатын, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Қызылорда облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, 17 наурыздан 18 наурызға қараған түні Арал ауданының Сексеуіл ауылында белгісіз біреулер ЖШС ғимаратының есігін бұзып, темір сейфтен 3,7 млн теңге ақша ұрлаған. Содан кейін оқиға орнынан ізін суытқан көрінеді.

Жедел жұмыстардың нәтижесінде 22, 23 жастағы үш күдікті ұсталды. Олардың барлығы - жергілікті тұрғындар. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Заттай дәлел ретінде ұрланған ақша тәркіленді.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша Қылмыстық Кодекстің 188-бабы 3-бөлігі бойынша (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1962095-qyzylorda-oblysynda-qarzy-urlady-degen-kudikpen-us-azamat-ustaldy-video/

pixel