Алдағы күндері елімізде ауа райы қандай болады
Опубликовано:

"Қазгидромет" РМК 26-28 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Синоптиктердің дерегінше, еліміздің батысы мен солтүстігінде жауын-шашын күтіледі.
Метеорологтардың мәліметінше, еліміздің оңтүстігі мен орталығында жаңбыр мен қар жаууы ықтимал.
Ал солтүстік пен батыста боран, оңтүстікте жаңбыр, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда қатты жауын-шашын, тұман, көктайғақ болуы мүмкін.
28 наурызда елдің оңтүстік және оңтүстік-шығыс бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Дегенмен, республика бойынша жел күшеюі мүмкін.
Солтүстікте түнде ауа температурасы 10-20 градус аяздан 5-15 градус аязға дейін төмендеп, күндіз 0-8 градус аяздан 5 градус аяз-3 градус жылыға дейін көтеріледі.
Оңтүстік өңірлерде түнде 6 градус аяз бен 5 градус жылы аралығында құбылады, ал күндіз 12-17 градус жылыдан 5-10 градусқа дейін төмендейді.
Елдің батысында түнде 5 градус аяз бен 5 градус жылы болуы мүмкін, күндіз 0-10 градус аралығында жылы болмақ.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1962104-aldagy-kunderi-elimizde-aua-raiy-qandai-bolady/