Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ШҚО-да полицейлер боранда адасып кеткен екі отбасыны құтқарды (видео)

Опубликовано:

ШҚО-да полицейлер боранда адасқан екі отбасыны құтқарды
Фото: https://polisia.kz

Шығыс Қазақстан облысында тәртіп сақшылары қатты боранда адасып кеткен Павлодар қаласының тұрғындарын құтқарды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Polisia.kz. порталына сілтеме жасай отырып.

22 наурыз күні Абай аудандық полиция бөлімінің “102” жедел каналына қарлы боранда екі отбасының адасып кеткені жайлы хабарлама түскен.

Хабарламаны қабылдаған соң жедел уәкіл Бектұрсын Тұрарбеков және Кадр саясаты тобының инспекторы Руслан Мейрамғалиев шұғыл-іздестіру жұмыстарына кіріскен.

Полицейлер оқиға орнына қызметтік автокөлікпен шығып, іздестіру жұмыстарының нәтижесінде адасқан екі отбасыны үш сағат ішінде тапқан. Олар Павлодар қаласының тұрғындары екені анықталды.

Көлікте екі ер адам, екі әйел және төрт бала болған. Ведомство мәліметінше, олар ШҚО Абай ауданының аумағында орналасқан киелі тарихи жер - “Қоңыр әулие” үңгіріне бара жатқан жолда адасып, көліктері қарға батып және сынып жолда қалған екен.

Полицейлер туристерге көмек көрсетіп, көліктерін қардан шығарып, аудан орталығына жеткізіп, жатын орынға орналастырған.

Өз кезегінде Павлодар облысының тұрғындары Абай аудандық полиция бөлімі қызметкерлеріне алғыс айтып, жұмыстарына табыс тіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1962116-sqo-da-policeiler-boranda-adasyp-ketken-eki-otbasyny-qutqardyvideo/

pixel