Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағанды облысында балаларға қол көтерген тәрбиешіге қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды

Опубликовано:

Жаңақорған тәрбиешілері 4 ай бойы жалақысын ала алмай отыр
Көрнекі фото: piqsels.com

Қарағанды облысы Абай қаласында жекеменшік балабақшалардың бірінде балалардың желкесінен ұрған тәрбиеші қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Тәрбиешінің әрекеті полиция қызметкерлерінің назарына іліккен.

"Аталған факті Қылмыстық кодекстің 140-бабында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық құрамының белгілері бойынша Абай ауданының полиция бөлімінде тіркелді.

Сотқа дейінгі тергеу барысында полиция қызметкерлері 20 жастағы күдіктіні анықтады. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметінен.

Еске сала кетсек, бұған дейін әлеуметтік желіде балалардың желкесінен ұрған тәрбиешінің видеосы жарияланғанын жазған едік.

Кейінірек, Қарағанды облысының білім басқармасы балаларға қол көтерген жекеменшік балабақшаның тәрбиешісі жұмыстан босатылғанын хабарлады.

Ал әдіскер мен мектепке дейінгі мекеменің директорына қандай шара қолданылатыны әзірге белгісіз.

Одан бөлек, педагогтің балаларға қол көтерген видеосы құқық қорғау органдарының да назарына іліккені хабарланған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1962120-qaragandy-oblysynda-balalarga-qol-kotergen-tarbiesige-qatysty-sotqa-deiingi-tergeu-bastaldy/

pixel