Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында із-түзсіз жоғалған жас келіншекке халықаралық іздеу жарияланды

Опубликовано:

Назым Алдаш
Фото: Instagram/turkistan_polisia

Із-түзсіз жоғалған Назым Алдаштың анасы Түркістан облысы Сауран ауданы полиция бөліміне арызданған. Жас келіншекті тез арада табу үшін облыстық полиция департаменті іздестіру жұмыстарын күшейтті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Назым Алдаш 2022 жылдың 22 ақпанында сағат 13:30 шамасында тұрғылықты мекенжайынан ем қабылдаймын деп шығып, бүгінгі күнге дейін қайта оралмаған.

"Жоғалған келіншекті тез арада табу бойынша Түркістан облысы ПД бастығы Мұрат Қабденов тапсырма беріп, бұл жайтты жеке бақылауына алды. Қазіргі таңда Түркістан облысы ПД бастығының орынбасары Құрманбек Сахов бастаған тәжірибелі полицейлер тобы іздестіруде. Сонымен қатар аудандық полиция басқармасы мен бөлімдерінен де полицейлер жұмылдырылды. Бүгінде жүйелі түрде жан-жақты іздестіру жұмыстары жүргізілуде", - делінген хабарламада.

Полиция жас келіншектің жеке басы мен түр-тұлғасы бойынша мәліметтер фотосуретімен бірге барлық аумаққа жолданғанын мәлім етті.

Сондай-ақ түркістандық полицейлер жас келіншектің баруы мүмкін аймақтарды, әрбір орынды жіті тексеріп, іздеу жұмыстарын күшейткен. Тәртіп сақшылары келіп түскен ақпараттар бойынша Жаңақорған ауданы, Тараз, Шымкент, Алматы қалаларына іссапармен шығып, іздестіруде.

Қазіргі таңда халықаралық іздеу жарияланды. Іздеуге еріктілер де тартылған. Жалпы айтқанда полицейлер, жас келіншекті тез арада табу жұмыстарын жүргізуде.

Осы тұста Түркістан облыстық ПД із-түзсіз жоғалған Назым Алдашты аман-есен тауып, оны отбасына қайтаруда оны танитын немесе көрген-білген адамдар болса тез арада полицияға хабарласуларын сұрайды.

Сонымен қатар, ішкі істер органы жоғалған келіншектің үстінде ашық қызғылт түсті күртеше, ақ түсті спорттық шалбар, аяғында қара түсті аяқ киім болғанын атап өтті.

Назым Алдашты тануға мүмкіндік беретін арнайы белгілері - бойы 165-168 см, орта денелі, мойын тұсында қалы бар.

Іздеу жарияланған келіншек туралы қандай да бір ақпарат болса, Сауран АПБ-ның кезекші бөліміне:

8 725 33 5 86 50

8 747 008 74 80 нөмірлері бойынша немесе полицияның 102 нөміріне хабарласуға болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1962123-turkistan-oblysynda-iz-tussiz-zogalgan-zas-kelinsekke-xalyqaralyq-izdeu-zariyalandy/

pixel