Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бас прокуратура Нұрқаділовтің өліміне қатысты қылмыстық істі қайта қарау туралы ақпаратты жоққа шығарды

Опубликовано:

Қоғам қайраткері
Фото: Арманжан Байтасовтың Youtube арнасы

Әлеуметтік желіде Заманбек Нұрқаділовтің өліміне қатысты қылмыстық істің қайта қаралатыны туралы ақпарат тараған. Еліміздің Бас прокуратурасы Telegram-каналында бұл мәліметтің шындыққа жанаспайтынын хабарлады.

"Әлеуметтік желілерде Бас прокуратура Заманбек Нұрқаділовтің қаза болу фактісі бойынша қылмыстық істі тергеуді қайта бастағаны туралы ақпарат таралуда.

Бас прокуратура бұл мәліметтердің шындыққа жанаспайтынын хабарлайды", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, Бас прокуратура Қайрат Нұрқаділовтің арызын ведомство қарап жатқанын атап өтті.

Айта кетейік, Заманбек Нұрқаділов 1944 жылы 15 қаңтарда Алматы облысы Нарынқол ауданында өмірге келген.

Қазақ КСР-і мен Қазақстан Республикасының мемлекет және қоғам қайраткері. Алматы қаласы мен Алматы облысының әкімі, мәжіліс депутаты болған және басқа да лауазымды қызметтер атқарған.

Саясаткер 2015 жылы 12 қарашада қайтыс болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1962171-bas-prokuratura-nurqadilovtin-olimine-qatysty-qylmystyq-isti-qaita-qarau-turaly-aqparatty-zoqqa-sygardy/

pixel