Қазақстандық боксшы қарсыласын 27 секундта жеңді
Опубликовано:

Бүгін Алматыда Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында MTK Kazakhstan компаниясының ұйымдастыруымен кәсіпқой бокс кеші өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Онда қазақстандық боксшы Дарын Имаханов (3-1, 1 КО) отандасы Самғар Сейілхановпен (дебют) жұдырықтасты. Төрт раундқа жоспарланған жекпе-жек бірінші раундтың басында аяқталды. Имаханов қарсыласын 27 секундта жеңді.
Осылайша, Дарын Имаханов карьерасындағы төртінші жеңісіне қол жеткізді.
Айта кетейік, аталған бокс кешінде қазақстандық тағы бір боксшы Нұрбол Сұлтанбай да өнер көрсеткен еді.
Сұлтанбайдың қарсыласы Тәжікстан спортшысы Мехроб Курбонзода болды. Жартылай орта салмақтағы жекпе-жек алты раундқа жоспарланған еді. Алайда отандасымыз қарсыласын бірінші раундтың 70 секундында нокаутқа түсірді.
Осылайша, Нұрбол Сұлтанбай кәсіби мансабында сегізінші жеңісіне қол жеткізсе, Мехроб Курбонзода кәсіпқой бокстағы жолын жеңіліспен бастады.
Айта кетейік, Нұрбол Сұлтанбай бұған дейін WBC ABC Silver және WBO Asia Pacific (жастар арасында) тұжырымы бойынша чемпион атанған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1962199-qazaqstandyq-bokssy-qarsylasyn-27-sekundta-zendi/