Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Білім мекемелерінде енгізілген карантин шектеулері алынып тасталады

Опубликовано:

мектеп
Көрнекі фото: Sputnik / Абзал Қалиев

Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері жаңа қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес, "жасыл" және "сары" аймақтарда орналасқан өңірлерде барлық меншік нысанындағы және ведомстволық тиісті білім беру ұйымдарында:

  • кабинеттік оқыту жүйесін болдырмауға;
  • маска тағу режимін міндетті түрде сақтауға қойылатын талаптар алынып тасталады.

Маска кию режимін сақтау білім беру ұйымдары әкімшілігінің шешімі бойынша ерікті түрде жүзеге асырылуы мүмкін.

Эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес, өңір "қызыл" аймаққа ауысқан кезде барлық меншік нысанындағы және ведомстволық тиісті білім беру ұйымдарында маска тағу режимін сақтау және зертханалық, практикалық сабақтарды қоспағанда, кабинеттік оқыту жүйесін болдырмау қамтамасыз етіледі.

Қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1962200-bilim-mekemelerinde-engizilgen-karantin-sekteuleri-alynyp-tastalady/

pixel