ІІМ қару-жарақ пен оқ-дәрі сақталған 97 қойманың көзін жойды
Опубликовано:

ІІМ қару-жарақ пен оқ-дәрі сақталған 97 қойманың көзін жойды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Ішкі істер министрлігі заңсыз айналымнан атыс қаруы мен оқ-дәрілерді, оның ішінде қаңтарда болған жаппай тәртіпсіздік кезінде ұрланған заттарды тәркілеу аясында тиісті шаралар қабылдап жатыр.
Криминалдық полиция ІІО қызметтерімен бірлесіп жүргізген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде заңсыз айналымнан 1268 бірлік атыс қаруы, оның ішінде 127 автомат, бір пулемет, 395 тапанша, 144 ойық карабин, 414 тегіс ұңғылы мылтық, сондай-ақ 238 гранат және 33 мыңнан астам түрлі калибрлі оқ-дәрі тәркіленді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1962201-iim-qaru-zaraq-pen-oq-dari-saqtalgan-97-qoimanyn-kozin-zoidy/