Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы тұрғыны синтетикалық есірткіні Telegram арқылы сатқан

Опубликовано:

Есірткімен ұсталған азамат
Фото: Polisia.kz

Алматы тұрғыны синтетикалық есірткіні Telegram қосымшасы арқылы сатқан, деп хабарлайды ІІМ ресми сайты Polisia.kz.

Белгілі болғандай, Алматы қаласы Алатау ауданының 29 жастағы тұрғыны іскер болып шықты. Ол синтетикалық есірткіні әлеуметтік желіде сатқан.

"Оның үйінен құрамында түрлі түсті ұнтақ тәрізді заттары бар 15 қаптама, электронды таразылар, сондай-ақ "скорость" және "мефедрон" синтетикалық есірткі заттарын жарнамалау және сату туралы дербес компьютердегі мәліметтер табылды және тәркіленді. Күдіктінің көлігінен тағы бірнеше шөп салынған қаптама табылды. Күдіктінің Telegram платформасында жеке ресурсы бар екендігі, сол арқылы синтетикалық есірткі сататындығы анықталды. Ол бірден бұғатталды. Тәркіленген заттарға сараптама тағайындалды" , – деді Алматы қалалық ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасы бастығының орынбасары Сағындық Аяғанов.

Спикердің айтуынша, қазіргі уақытта Алматыда "синтетиканы" жеткізу арнасын анықтауға бағытталған жедел және арнайы шаралар кешені жүргізілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1962223-almaty-turgyny-sintetikalyq-esirtkini-telegram-arqyly-satqan/

pixel