Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Алматыдағы Оқушылар сарайына жаңа автобус табыс етті

Опубликовано:

Автобус
Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Алматыдағы Оқушылар сарайына сыйлық ретінде жаңа автобус табыс етілді, деп хабарлайды Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Әкімдіктің мәліметінше, жаңа мектеп автобусымен балаларды түрлі конкурстарға, жарыстар мен фестивальдарға апару жоспарда бар.

Оқушылар
Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

"Автобус барлық заманауи талаптарға жауап береді және жүру үшін ыңғайлы, соның ішінде әртүрлі ауа райы жағдайында алыс қашықтыққа сапар шегуге арналған. Ауаны реттеу және жылыту жүйелерінен басқа, автокөлік 4 бейнебақылау камерасымен, аялдама туралы жүргізушіні хабардар ету батырмасымен, ерекше қажеттіліктері бар адамдарға арналған пандуспен жабдықталған",- деп атап өтті әкмідіктін баспасөз қызметі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1962226-toqaev-almatydagy-oqusylar-saraiyna-zana-avtobus-tabys-etti/

pixel