Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ШҚО-да боранға байланысты жол жабылды

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: pexels.com

Ауа райының күрт нашарлауына байланысты Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы республикалық тас жолының учаскесі жабылды, деп хабарлайды ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

"26 наурыз күні сағат 03.20-дан бастап ауа райы жағдайының нашарлауына (жолдың көрінбеуі, қарлы боран) байланысты республикалық маңызы бар "Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы" (105-123 км) тас жолының учаскесінде көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс жабылды", - делінген ТЖД хабарламасында.

Айта кетейік, бұған дейін Ақмола облысында боранда жолда қалған адамдар пойызбен эвакуацияланғанын хабарлаған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1962229-sqo-da-boranga-bailanysty-zol-zabyldy/

pixel