Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда автобусқа жылқысымен кірген азаматқа айыппұл салынды (видео)

Опубликовано:

Автобустағы жылқы
Видеодан кадр: Instagram/almaty_kris_p almaty_kris_p

Алматыда жолаушылармен бірге автобусқа кірген жылқының иесіне айыппұл салынды, деп хабарлайды ІІМ ресми сайты Polisia.kz.

Бұл туралы Медеу аудандық полиция басқармасының бастығы Дәурен Өтебаев мәлімдеді. Ер адам өз қателігін мойындады.

"Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында біздің бөлімшенің табиғатты қорғау полициясы бөлімі №12 автобуспен жылқысын тасымалдап келе жатқан Ж. есімді азаматты анықтады. Ол өз қателігін бірден мойындады. Жылқы иесі ҚР ӘҚбК-нің 407-2 бабы 1-бөлігінің 5-тармағы (Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы заңнамасын бұзу) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Осы ретте онымен алдағы уақытта мұндай заң бұзушылықтарға жол бермеу мақсатында құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізілді", - деді басқарма басшысы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1962254-almatyda-avtobusqa-zylqysymen-kirgen-azamatqa-aiyppul-salyndy-video/

pixel