Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыға бағыт алған Air Astana ұшағы Нұр-Сұлтан әуежайына қайта оралды

Опубликовано:

Әуежай
Көрнекі фото: NUR.KZ/ Владимир Третьяков

Бүгін, таңғы сағат 07.43-те Нұр-Cұлтан-Алматы бағыты бойынша ұшып шыққан Air Astana әуекомпаниясының А 321 ұшағы Нұр-Cұлтан қаласына қайта оралған. Бұл туралы Азаматтық авиация комитеті өзінің Telegram-каналында хабарлады.

Комитеттің мәліметінше, техникалық ақауға байланысты әуе кемесі әуежайға қайта оралған.

Ұшақ Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына таңғы 08:32-де сәтті қонған.

Бортта 158 жолаушы мен экипаж мүшесі болған.

Комитет аталған факті бойынша Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеу басқармасы тергеу жүргізетінін атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1962272-almatyga-bagyt-algan-air-astana-usagy-nur-sultan-auezaiyna-qaita-oraldy/

pixel