Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұлттық банктің Банкнот фабрикасының директоры өмірден озды

Опубликовано:

Батырбек Әлжанов
Батырбек Әлжанов. Фото: Ұлттық банктің баспасөз қызметі

Ұлттық банктің Банкнот фабрикасының бас директоры Батырбек Әлжанов қайтыс болды деп, хабарлайды ҚҰБ-ның баспасөз қызметі.

"Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Банкнот фабрикасы" РМК-ның бас директоры Әлжанов Батырбек Асылбекұлының мезгілсіз дүние салуына байланысты Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің ұжымы оның туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады", - делінген ҚҰБ хабарламасында.

Батырбек Әлжанов 30 жыл Ұлттық банк жүйесінде қызмет еткен. 2005 жылдың сәуірінен бастап Ұлттық банк төрағасының орынбасары болған. 2011 жылдан 2014 жылға дейінгі аралықта "Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы" АҚ-ын, 2014 жылдың тамызынан бастап "Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Банкнот фабрикасы" РМК басқарған.

"Батырбек Асылбекұлы өзіне сеніп тапсырылған қызметтерде өз ұстанымына берік басшы және шебер ұйымдастырушы екендігін дәделдей білді. Ұлттық банктің үлкен ұжымында сенім мен құрметке ие болды", - делінген ҚҰБ хабарламасында.

Ұлттық банк жүйесінде қызмет еткен уақытта Батырбек Әлжанов ІІІ дәрежелі "Барыс", "Парасат" ордендерімен және "Ерен еңбегі үшін" медалімен марапатталған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1962295-ulttyq-banktin-banknot-fabrikasynyn-direktory-omirden-ozdy/

pixel