Өткен тәулікте тағы 25 адамнан коронавирус анықталды
Опубликовано:

Қазақстанда 27 наурыздағы жағдай бойынша тағы 25 адамнан COVID-19 инфекциясы анықталды, деп хабарлайды coronavirus2020 Telegram-каналында.
Аймақтар бойынша:
- Нұр-Сұлтан қаласы - 2
- Алматы қаласы - 12
- Ақмола облысы - 1
- Ақтөбе облысы - 2
- Алматы облысы - 1
- Шығыс Қазақстан облысы - 5
- Батыс Қазақстан облысы - 1
- Қостанай облысы - 1.
Жалпы ел бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 1 305 065-ге жетіп отыр.
Сонымен қатар, өткен тәулікте тағы 281 науқас аурудан жазылып шыққан.
Сондай-ақ, қазіргі таңда елімізде коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-ші компонентін салдырғандар саны 9 450 763-ге, 2-ші компонентін салдырғандар саны 9 148 401-ге жеткен.
Айта кетейік, Қазақстанда COVID-19-дың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-тың соңғы шешіміне сәйкес, елде Pfizer вакцинасын алуға құқылы азаматтардың санаты кеңейтілді.
Одан бөлек, үй-жайларда міндетті түрде маска тағу талабы да алып тасталды. Алайда медициналық мекемелерде маска тағу талабы сақталады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1962331-otken-taulikte-elimizde-qansa-adamnan-koronavirus-anyqtalgany-belgili-boldy/