Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Орал әуежайына Мәншүк Мәметованың есімі берілді

Опубликовано:

Әуежай
Көрнекі фото: NUR.KZ/ Владимир Третьяков

Премьер-министр Әлихан Смайылов үкімет қаулысына қол қойды, оған сәйкес Орал халықаралық әуежайына Кеңес одағының батыры Мәншүк Мәметованың есімі берілді. Құжат мәтіні "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінің сайтында жарияланды.

"Орал халықаралық әуежайы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне Мәншүк Мәметованың есімі берілсін", - делінген үкімет қаулысында.

Қаулы шыққан күннен бастап күшіне енді.

Айта кетейік, Мәншүк Мәметова - қазақтың қаһарман қызы, Кеңес одағының батыры.

Ол 1922 жылы Батыс Қазақстанның Орда ауданында дүниеге келген.

Мәншүк Ұлы Отан соғысы басталғанда, 1942 жылы Алматы қаласындағы медицина институтында оқып жүрген еді. Ол өз еркімен сұранып қазақ ұлттық 100-бригадасы құрамында майданға аттанады.

Аға сержант, пулеметші Мәншүк ұрыстарда өзінің мергендігімен және тобында батылдығымен көзге түскен.

Невель қаласы үшін болған кескілескен шешуші ұрыста Мәншүк ақтық демі біткенше пулеметтен оқ боратып, қаһармандықпен қаза тапты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1962362-oral-auezaiyna-mansuk-mametovanyn-esimi-berildi/

pixel