Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тасжолға шығып кеткен": Ұлының дүниеге келуіне орай көкпар берген ер адам жауапкершілікке тартылды (видео)

Опубликовано:

Тасжолда көкпар тартып жүр
Видеодан кадр: Youtube/Зангер

Желіде Алматы іргесіндегі тасжолда көкпар тартқан ер адамдардың видеосы тарады. Бұған қатысты Алматы облысы полиция департаменті пікір білдірді. Құзырлы органның мәлметінше, көкпар берген ер адам жауапкершілікке тартылған, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Видео Youtube желісіндегі "Зангер" тобында жарияланды. Кадрдан бір топ ер адамның тасжолдың бойында көкпар тартқанын және көлік қозғалысына кедергі келтіргенін байқауға болады.

Белгілі болғандай видео 26 наурыз күні Қарасай ауданындағы Алматы-Жандосов тасжолында түсірілген.

Алматы облысының полиция департаменті көкпар берген жергілікті тұрғынның жауапкершілікке тартылғанын атап өтті.

"Тексеріс кезінде салт аттылар Райымбек ауылының 34 жастағы тұрғыны ұйымдастырған көкпарға қатысқаны анықталды. Аталған азамат ұлының дүниеге келуіне орай көкпар берген. Жергілікті атқарушы органдар шараның өтетінінен бейхабар болған. Бақылау болмай, салдарынан қатысушылар ойын алаңынан шығып кеткен.

Анықталған құқық бұзушылықты ескере отырып, көкпарды ұйымдастырушы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабы ("Ұсақ бұзақылық") бойынша жауапкершілікке тартылды", - дейді Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1962382-taszolga-sygyp-ketken-ulynyn-duniege-keluine-orai-kokpar-bergen-er-adam-zauapkersilikke-tartyldy-video/

pixel