Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әділет министрі "Қазпатент" ұжымдық кешіндегі "стриптиз-шоуға" қатысты пікір білдірді

Опубликовано:

Қанат Мусин
Қанат Мусин. Фото: ОКҚ

Еліміздің Әділет министрі Қанат Мусин мәжіліс кулуарында 8 наурызда Ұлттық зияткерлік меншік институтында өткен ұжмдық кеште көрсетілді делінген стриптиз-шоуға қатысты пікір білдірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Қанат Мусин оның қай жерде болғанын нақты айта алмайтынын хабарлады.

"Видеода мұның қайда болғаны және ондағы адамдардың кім екені түсініксіз. Қандай да бір әртістік нөмір көрсетілген... Желіде жарияланған мәлімдемеден түсінуімше, әңгіме 8 наурызды тойлау жөнінде болған. Қазір тексеру тағайындалды, мән-жайын анықтап жатырмыз. Егер бұл шындыққа жанасса, онда кінәлілердің барлығы жазаланады", - деді министр.

Оның сөзінше, мән-жайды толық анықтамай, мемлекеттік қызметкердің этикасының бұзылғанын айту қиын.

Айта кетсек, бұған дейін желіде дене бітімі атлетикалық жігіттің музыка ырғағымен акробатикалық трюк жасап, киімін шешіп жатқаны бейнеленген видео тараған болатын. Видеоның "Қазпатент" ұжымдық кешінде түсірілгені айтылған еді.

Ұлттық зияткерлік меншік институты - Әділет министрлігінің ведомстволық бағынышты ұйымы.

Сондай-ақ институт Ұлттық патент ведомствосының құқықтық мұрагері ("Қазпатент") саналады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1962415-adilet-ministri-qazpatent-uzymdyq-kesindegi-striptiz-souga-qatysty-pikir-bildirdi/

pixel