Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматылық ер адам 8 жасар қызды тонады деген күдікке ілінді

Опубликовано:

Күдікті
Фото: polisia.kz

Алматы полициясы қаладағы дәріханалардың бірінде сегіз жасар баланы тонады деген күдікке ілінген ер адамды ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Басылымның мәліметінше, қылмыс туралы полицияға қыздың анасы хабарлаған. Әйелдің сөзінше, дәріханалардың бірінде белгісіз ер адам баланың құлағындағы сырғасын шешіп алған.

Әуезов ауданы полиция басқармасына қарасты полиция бөлімінің бастығы Елнұр Құдіретбаевтың айтуынша, болған жайт бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

Жазбаларды алған тәртіп сақшылары күдіктінің фотороботын жасаған. Сол күні күдікті ретінде 1973 жылы туған жергілікті тұрғын ұсталған. Көп ұзамай ол қылмысты мойындаған.

Қазіргі уақытта оның осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде. Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 191-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Еске сала кетсек, бұған дейін Жамбыл облысы полиция департаментінің жедел тобы 13 жастағы қызды зорлады деген күдікке ілінген ер адамды Алматы қаласында ұстағанын жазған едік.

Полицияның мәліметінше, жантүршігерлік оқиға 2021 жылы мамыр айында Жамбыл облысы Меркі ауылында болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1962452-almatylyq-er-adam-8-zasar-qyzdy-tonady-degen-kudikke-ilindi/

pixel