Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әкім орынбасары шу шығарды": Түркістан облысында кафеде болған жанжал видеоға түсіп қалды

Опубликовано:

Шенеунік11
Көрнекі фото: pexels.com

Әлеуметтік желіде Түркістан облысында түсірілген жанжалдың видеосы пайда болды. Болжам бойынша кадрға ауылдық округ әкімдерінің бірінің орынбасары мен Сайрам ауданының полиция қызметкерлері түсіп қалған. Бейнежазбаға өңірлік полиция департаменті пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Видео DK NEWS YouTube каналында жарияланған. Видеодағы жазбаға сүйенсек, Түркістан облысындағы кафеде ауылдық округ әкімдерінің бірінің орынбасары мас күйде жанжал шығарған. Кафеде Сайрам ауданының полицейлері де болған.

"Әкім орынбасары кафеде жанжал шығарды. Түркістан облысы. Ақсукент", - делінген видеоның жазбасында.

Аталған видеоға қатысты Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі пікір білдірді.

"Оқиға Сайрам ауданында болғаны анықталды. Бейнежазбадағы жанжал Түркістан облысы полиция департаментінің назарына ілікті және қызметтік тексеріс басталды. Болған жайттың мән-жайы қосымша хабарланатын болады", - деп түсіндірді ведомстводан.

Назар аударыңыз! Видеода бейәдеп сөздер бар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1962468-akim-orynbasary-su-sygardy-turkistan-oblysynda-kafede-bolgan-zanzal-videoga-tusip-qaldy/

pixel