Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы станциясының айналма теміржол желісі салынады деп жоспарлануда

Опубликовано:

Алматы станциясының айналма теміржол желісі
Көрнекі фото: pixabay.com

Үкімет отырысында "Алматы станциясының айналма теміржол желісі" жобасының жүзеге асу барысы айтылды. Ол Алматы торабына түсетін жүктемені 30 пайызға азайтып, жүктерді жеткізу уақытын 24 сағатқа дейін қысқартады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаевтың айтуынша, жоба құны 93,6 млрд теңгені құрайды.

Премьер-министр Әлихан Смайылов Қазақстандағы көлік инфрақұрылымының өткізу қабілетін арттыру үшін бірінші кезекте Алматы айналма станциясымен бірге Достық-Мойынты жобасын қаржыландыру қажет екенін мәлімдеді.

"Қаржы министрлігіне Ұлттық экономика, индустрия министрліктерімен, "Самұрық-Қазына" және"ҚТЖ" қорымен бірлесіп, тиісті жобаларды іске асыру бойынша қаржыландыруды қамтамасыз ету мәселелерін пысықтауды тапсырамын. Бірінші кезекте бұл - Достық-Мойынты және Алматы айналма станциясы", - деді Әлихан Смайылов.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметінше, "Достық-Мойынты" жобасын іске асыру Қытай Халық Республикасы мен Еуропа арасындағы транзиттік тасымалдар көлемін, учаскенің өткізу қабілетін 5 есеге дейін ұлғайтады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1962536-almaty-stanciyasynyn-ainalma-temirzol-zelisi-salynady-dep-zosparlanuda/

pixel