Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда ұйымдасқан қылмыстық топты ұстау операциясы өтті (видео)

Опубликовано:

Орал
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Алматы қаласы мен облыста арнайы операция кезінде “Айшуақ-Жантүгел” ұйымдасқан қылмыстық тобының мүшелері ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Арнайы операция нәтижесінде ұсталғандардан екі “Калашников” автоматы, бес аңшы келте мылтығы, екі жауынгерлік тапанша, “Калашников” пневматикалық автоматы, “Ф-1” қорғаныс гранатасы, оқ өтпейтін екі кеудеше, аңшы пышағы, 350-ден астам оқ-дәрі, сондай-ақ, 5700 АҚШ доллары және 107 мың теңге сомасындағы қаражат тәркіленді.

Қару
Фото: polisia.kz

Қолға түскендердің өзге де ауыр және аса ауыр қылмыстарға, соның ішінде қаңтардағы жаппай тәртіпсіздік кезінде жасалған қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.

Ұйымдасқан қылмыстық топтың басқа да қатысушыларын анықтау және ұстау бойынша жұмыс жалғасып жатыр.

Ұсталғандарға “қамауда ұстау” бұлтартпау шарасы таңдалды.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1962546-almatyda-uiymdasqan-qylmystyq-topty-ustau-operaciyasy-otti-video/

pixel