Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жағдай өте құбылмалы": Министр Қазақстандағы тұрғын үй бағасы туралы айтты

Опубликовано:

құрылыс нысаны
Көрнекі фото: pixabay.com

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев министрлер ңабинетінің отырысында Қазақстандағы тұрғын үй бағасының өсу ықтималдылығы туралы айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Өскенбаевтың сөзінше, қазіргі кезде тұрғын үй нарығы құбылмалы болып тұр.

"Қазіргі жағдай, өкінішке қарай, құбылмалы. Негізгі материал- арматура 10 күн бұрын 480 мың теңге, содан кейін - 450 мың, үш күн бұрын - 418 мың, бүгін таңертең - 415 мың теңгеге саудаланды. Яғни, төмендеу динамикасы байқалады. Біз бірінші тоқсаннан өтуіміз керек, содан кейін баға динамикасы анықталмақ. Бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша түсініктірек болады", - деп түсіндірді министр.

Өскенбаев мемлекет алдағы бес жылда тұрғын үй қай жерде және қандай көлемде салынуы тиіс деген параметрлерді бекіткенін атап өтті.

"Бұл құрылыс саласы білуі үшін және бизнес-процедураны осы көлемдерге сәйкес жүргізуі үшін жасалды", - деп түсіндірді министр.

Сондай-ақ, билік Өскенбаевтың айтуынша, тұрғын үйді сумен, электр қуатымен, жолдармен және басқа инфрақұрылыммен қамтамасыз ету мәселелерін пысықтауда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1962556-zagdai-ote-qubylmaly-ministr-qazaqstandagy-turgyn-ui-bagasy-turaly-aitty/

pixel