Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда қатты желдің салдарынан ғимараттың шатыры ұшып, ағаштар құлады (видео)

Опубликовано:

Желден құлайын деп тұрған белгі
Видеодан кадр: instagram.com/krispi_almaty

Алматыда әп-сәтте қатты жел тұрып, салдарынан ғимараттың шатыры ұшып, ағаштар құлады. Одан бөлек қалада 29-30 наурызда қатты жауын-шашын күтілуде. Осыған байланысты оңтүстік астанада дауылдық ескерту жарияланды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Желі қолданушылары әлеуметтік желіде Алматыда қас-қағым сәтте күннің қалай бұзылғаны бейнеленген кадрлармен бөлісуде.

Олардың бірінен ғимараттың шатыры ұшып түскенін, енді бірінен жол жиегінде ағаштардың құлап жатқанын байқауға болады.

Назар аударыңыз! Видеода бейәдеп сөздер бар!

Айта кетейік, бұған дейін Қазгидромет Алматыда дауылдық ескерту жариялаған болатын. Осыған байланысты Алматының төтенше жағдайдар департаменті қалада күн бұзылатынын ескерткен еді.

Олардың мәліметінше, 29 наурызда күндіз және 30 наурызда түнде қалада, сонымен қатар тауда қатты жауын-шашын күтіледі. Оңтүстік батыстан желі соғып күші 18-23м/с дейін жетуі ықтимал.

Сондықтан ТДЖ көлік иелерінен көліктерді ағаштардың астына қоймауды сұрап отыр.

Одан бөлек ТДЖ 30 наурызда түнде Алматы тауларына тұман түсетінін атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1962638-almatyda-qatty-zeldin-saldarynan-gimarattyn-satyry-usyp-agastar-qulady-video/

pixel