Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елордадағы сауда үйінде 8 минуттан кейін жарылыс болатынын айтқан белгісіз адам жұртты дүрліктірді

Опубликовано:

Жарылғыш зат
Көрнекі фото: pixabay.com

Нұр-Сұлтандағы iрi сауда орталығына жарылғыш зат қойылды деп, жалған хабарлама берген адамға іздеу салынды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті өзінің ресми Instagram парақшасында хабарлады.

Құзырлы органның мәліметінше, бүгін сағат 13:39-да "102" арнасына "Сарыарқа" СОО әкімшілігінен хабарлама түскен.

Хабарламада сауда ойын-сауық орталығының жұмыс нөміріне белгiсiз ер адам қоңырау шалып, 8 минуттан кейін жарылыс болатынын мәлімдегені туралы айтылған.

Оқиға орнына шұғыл қызметтер дереу аттанған. Ғимаратты тексеру барысында жарылғыш құрылғы да, басқа да күдікті заттар да табылмаған. Ғимараттан 350 адам қауiпсiз жерге шығарылған.

Полиция аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 273-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын атап өтті. Сондай бұл бапқа сәйкес, 5 жыл мерзімге дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын атап өтті.

"Қазіргі уақытта жарылғыш зат туралы хабарлаған адамды анықтау бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде. Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті жарылғыш заттың қойылғаны туралы жалған хабарлама беру қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін ескертеді", - дейді ведмостводан.

Еске сала кетейік, бұған дейін Атырауда мектеп ішіне жарылғыш зат қойылғанын айтып, жалған хабарлама берген азамат ұсталған еді.

Одан бөлек Ақтөбе облысында бомба жайлы әзілдеген жігіттің басы дауға қалған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1962645-elordadagy-sauda-uiinde-8-minuttan-keiin-zarylys-bolatynyn-aiqan-belgisiz-adam-zurtty-durliktirdi/

pixel