Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елордада қолайсыз ауа райына байланысты әуежай жабылып, бірнеше автобус өз қозғалысын тоқтатты

Опубликовано:

Әуежайдағы ұшақтар
Көрнекі фото: pixabay.com

Елордада қолайсыз ауа райына байланысты Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы жабылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі астаналық әуе айлағының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы елордадағы метеожағдайға байланысты жабылды. Жолаушылардан ұшу, ұшып келу туралы ақпаратты анықтама қызметінен және call-орталықтардан білуді сұраймыз", - деп мәлімдеді әуе айлағының баспасөз хатшысы Әнуар Шәлекенов.

Сондай-ақ ол бүгін астанада сағат 19:00-ден 23:00-ге дейін дауылды ескерту жарияланғанын атап өтті.

Одан бөлек қалада қатты жел салдарынан бірнеше автобус өз қозғалысын тоқтатқаны белгілі болды. Бұл туралы City Transportation Systems өз Instagram парақшасында хабарлады.

"Ауа райының қолайсыздығына байланысты № 35, 36, 45, 80 қалалық бағыттарының қозғалысы уақытша тоқтатылды", - деді мекемеде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1962673-elordada-qolaisyz-aua-raiyna-bailanysty-auezai-zabylyp-birnese-avtobus-oz-qozgalysyn-toqtatty/

pixel