Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қазмедиадағы" апат: Телеарналар хабар таратудың резервтік форматына көшірілді

Опубликовано:

Қазмедиа
Фото: astanagid.kz

"Қазмедиа" орталығындағы апат салдары ретке келтіріліп жатыр, деп хабарлайды Хабар 24.

Аккумуляторлық батареялардағы өрт сөндірілді.

Бұл туралы ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаров хабарлады.

Телерадио-арналар хабар таратудың резервтік форматқа көшірілді.

Айта кетейік, осыған дейін "Қазмедиа орталығының" көлік тұрағында өрт шыққаны туралы хабарлаған едік.

Нұр-Сұлтан қалалық ТЖД бөлімшесінің ақпарынша, көлік тұрағындағы трансформатордың өртенгені туралы ақпарат 20:41-де түскен. ТЖД қызметкерлерінің көмегімен өрт 21:12-де ауыздықталды. Ведомство аккумуляторлық батареялар өртенгенін қоса кетті.

Аталған жайтқа байланысты "Қазмедиа орталығы" да пікір білдірді.

"Ауа райының қолайсыздығына байланысты алдын ала деректер бойынша, қатты желдің салдарынан "Қазмедиа орталығы" ғимаратының электрмен жабдықтау жүйесіне су тиген", - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1962675-qazmediadagy-apat-telearnalar-xabar-taratudyn-rezervtik-formatyna-kosirildi/

pixel