Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтан әуежайының жұмысы қайта жанданды

Опубликовано:

Әуежай
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

29 наурызда қолайсыз ауа райына байланысты жабылған елорда әуежайының жұмысы қайта жанданды. Әуежай түн ортасынан бері ұшақтарды қабылдап жатыр. Бұл туралы Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы Instagram парақшасында хабарлады.

Мекеменің мәліметінше, сағат 00:00-ден бастап елорда әуежайы штаттық режимде жұмыс істеуде. Рейстердің уақыты біртіндеп қалпына келтірілуде.

"Ұшып шығу, ұшып келу, кешігу туралы толық ақпаратты әуежайдың анықтама бөлімінен және әуекомпаниялардың колл-орталықтарынан білулеріңізді сұраймыз. Сондай-ақ жолаушыларымыздан әуежайға алдын ала келулерін сұраймыз, себебі көшеде көктайғақ күтілуде. Жолда абай болыңыздар!", - делінген әуежай әкімшілігі таратқан хабарламада.

Еске сала кетсек, бұған дейін елордада қолайыз ауа райы салдарынан Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы жабылғанын хабарлаған едік.

Одан бөлек City Transportation Systems қалада қатты жел салдарынан бірнеше автобус жұмысын тоқтатқанын хабарлаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1962681-nur-sultan-auezaiynyn-zumysy-qaita-zandandy/

pixel