jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұрила Ермекбай
Нұрила Ермекбай
Бұрынғы қызметкер

Қызылордада бір аптадан астам уақыт бұрын жоғалып кеткен қыз Алматыдан табылды

Қыз бала
Көрнекі фото: pexels.com

Қызылорда қаласында жоғалған 17 жастағы қыз Алматы қаласынан табылды. Бұл туралы қалалық полиция басқармасы Facebook парақшасында хабарлады.

Құзырлы органның мәліметінше, кәмелет жасына толмаған қыздың жоғалғаны туралы хабарлама 25 наурызда түскен.

Осыдан кейін оны іздестіру жұмыстарына полиция қызметкерлері мен туыстары атсалысқан. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде 17 жастағы қыз Алматы қаласынан табылған.

Қызылорда қалалық полиция басқармасының қызметкерлері жасөспірімді ата-анасына табыстау үшін Алматы қаласына аттанған.

Айта кетейік, бұған дейін жасөспірім қыздың 21 наурызда сағат 20.00 шамасында үйінен шығып кетіп, қайта оралмағанын жазған едік.

Одан бөлек Түркістан облысының полицейлері 1 ай бұрын жоғалып кеткен және халықаралық іздеу жарияланған келіншекті аман-есен тапқан болатын.

Іздеу жұмыстарының нәтижесінде ол Жамбыл облысы Жаңатас қаласынан табылды.

Полицейлердің анықтауынша, жас келіншек азаматтық некедегі жұбайымен бірге жүрген.

Ведомство қазір жас келіншектің із-түзсіз кетуіне кім немесе қандай жағдай себеп болғанын анықтау үшін жан-жақты тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Қызылордада бір аптадан астам уақыт бұрын жоғалып кеткен қыз Алматыдан табылды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.